Ақтау қаласында авариялық жағдайдағы 10 пергола демонтаждалып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағындағы бірқатар тұрғын үйлердің шатырында орналасқан авариялық жағдайдағы перголаларды жою жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аталған жұмыстар 5-шағын ауданындағы №1 тұрғын үйде атқарылып жатыр. Жоспарға сәйкес мердігер мекеме ескі перголаларды демонтаждап, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейді.

Бұл бастамаға тұрғындар оң бағасын беруде. Атап айтқанда, аталған шағын аудан тұрғыны, Кирилл Осин бірнеше жылдан бері шешімін таппаған мәселені қолға алған қала әкімдігіне ризашылығын білдірді.

— Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жұмыстар сапалы әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып, тиісті шаралар қолға алынған. Тұрғындарға уақытылы хабарландыру беріліп, жұмыстардың барысы тұрақты түрде түсіндірілуде. Мәселенің оң шешім табуына қолдау көрсетіп, оның түбегейлі шешілуіне атсалысқан қала әкіміне ризашылығымызды білдіреміз, — деді Кирилл Осин.

Айта кетейік, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар 7-22, 8-8, 27-5, 26-38, 1-35, 9-30, 4-5, 14-47 және 12-53 мекенжайларында жалғасады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1222832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version