Ақтауда заңсыз қоршау орнатқан кәсіп иесіне ескерту берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижесінде 13-шағын ауданындағы №14 үй аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысанының рұқсатсыз, өз бетінше қоршау орнатқаны анықталды. Аталған заңбұзушылыққа байланысты меншік иесіне учаскелік полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

— Құрметті қала тұрғындары! Қала аумағында белгіленген талаптарды сақтап, рұқсат етілмеген әрекеттерге жол бермеуге және тазалық пен тәртіпті сақтауға бірлесе атсалысуға шақырамын, — деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Нұрсұлтан Нұрмұқанов.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1222834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version