Ақтөбе әуежайының санитариялық-карантиндік пунктінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр күні Ақтөбе қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың санитариялық-карантиндік пунктіне барды. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіндегі санитариялық-карантиндік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындық қарастырылды.

Атап айтқанда:
• халықаралық рейстермен келетін жолаушыларға санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру;
• инфекциялық аурулар анықталған жағдайда жедел ден қоюға дайындық;
• жеке қорғаныш құралдарымен, дезинфекциялық заттармен және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілу;
• қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туындаған кезде әуежай қызметтері, медициналық ұйымдар және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар барысында халықаралық және ішкі жолаушылар ағыны жоғары жағдайда санитариялық-карантиндік бөлімшелердің тұрақты дайындығын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді. Сапар қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шараларды жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және әуе көлігі нысандарындағы санитариялық-карантиндік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Ақтөбе әуежайының санитариялық-карантиндік пункті штаттық режимде жұмысын жалғастырып, өңір аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алуды қамтамасыз етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1222738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version