Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 18, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Арал теңізі құрғаған табанында жүргізілген орман мелиорациялық жұмыстардың нәтижесі

Жарияланды:

18/05/2026 19:01

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

2026 жылғы 14-15 мамыр аралығында Қызылорда облысының Қазалы ауданында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман мелиорациялық шараларымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов қатысты.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған табанында 1,1 млн га сексеуіл екпелерін құру туралы тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдар аралығында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

2021–2025 жылдар аралығында жалпы ауданы 1117,5 мың гектар жерде орман мелиорациялық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 3440,9 тонна сексеуіл мен галофитті өсімдіктердің тұқымы себіліп, 53,2 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылды. 2026 жылы жұмыстар 116 мың гектар алқапта атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы толығымен орындалды.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тек сексеуіл егу ғана емес, сонымен қатар тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары қатар жүргізілді. Қазалы қаласында ауданы 33 гектарды құрайтын, жылына 3 млн дана көшет өсіруге қауқарлы орман тұқымбағы жұмыс істейді.

Тікелей теңіздің құрғаған табанында тұқымбақ құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта модульдік контейнерлер орнатылып, тереңдігі 500 метрлік ұңғыма бұрғыланды.

Атқарылып жатқан жұмыстарды ғылыми тұрғыда сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының филиалы құрылды.

Өткізілген баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, сондай-ақ сексеуіл екпелерінің қазіргі жай-күйімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1222869?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Мүгедектікті белгілеудің негізділігін мониторингілеу және ерекше тетіктің пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс Zoom-конференциясы
Next: Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісімнен өткізді.→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version