Ащыбұлақ ауылдық округінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті .

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ащыбұлақ ауылдық округінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті .

Шуақты көктемнің көрікті мерекесінде аяулы аналарымыз бен ардақты апа-қарындастарымызға құрмет көрсетіліп, олардың қоғам мен отбасыдағы орны ерекше екені атап өтілді.

Мерекелік жиында округтің дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандыларға алғыс білдіріліп, жылы лебіздер мен игі тілектер айтылды. Сонымен қатар, қатысушыларға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Аяулы аналарымыз бен ардақты аруларымызға әрдайым шаттық пен қуаныш, отбасы амандығы мен бақ-береке тілейміз. Көктемнің шуақты мерекесі жүректеріңізге жылулық, өмірлеріңізге бақыт пен мол қуаныш сыйласын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-ashchybulak/press/news/details/1222449?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version