Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 18-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1222728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version