Балаларды түнгі серуенге шығуына байланысты 2500-ден астам заңды өкіл жауаптылыққа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Рейдтер барысында полицейлер аула аумақтарын, саябақтарды, компьютерлік клубтарды, ойын-сауық орындарын және жастар көп шоғырланатын басқа да орындарды тексереді.
Мысалы, ювеналды полиция қызметкерлері 15 жасар жасөспірімді анықтады, ол сағат 23:00-ден кейін Ботаникалық саябақ аумағында заңды өкілінің қарауынсыз жүрген. Осы факт бойынша заңды өкілге ҚР ӘҚБтК-ның 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері аталған бап талаптарын бұзғаны үшін шамамен 2500 заңды өкіл әкімшілік жауаптылыққатартылды.
ҚР заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің қарауынсыз үйден шығуға, сондай-ақ түнгі уақытта ойын-сауық орындарында ересектерсіз болуға тыйым салынатынын еске саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1222200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version