«Болашақ» жазғы демалыс лагері таптырмас мүмкіндік!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балаңыздың жазғы демалысын ұмытылмас, қызықты әрі пайдалы өткізгіңіз келе ме? Олай болса, «Болашақ» жазғы демалыс лагері таптырмас мүмкіндік! Мұнда балалар демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, өз шығармашылығы мен білімін шыңдайды.
Биылғы маусымда лагерь 7 түрлі бағыттағы ауысым (кезең) бойынша жұмыс жасайды:
* I кезең: «Дыбыстар әлемі» 🎶 (01.06 – 07.06)
* II кезең: «Art шабыт» 🎭 (10.06 – 16.06)
* III кезең: «Сиқырлы қылқалам» 🎨 (19.06 – 25.06)
* IV кезең: «Roboland» 🤖 (28.06 – 04.07)
* V кезең: «Tourist Vibe» 🎒 (07.07 – 13.07)
* VI кезең: «Сөз мергені» 🎤 (16.07 – 22.07)
* VII кезең: «Білім керуені» 📚 (25.07 – 31.07) (Олимпиада резервіндегі дарынды оқушылар үшін)
🌊 Лагерьде балаларды не күтеді?
Лагерь аясында әр кезеңде 100 баладан, ал 7-ші кезеңде олимпиада резервіндегі 40 дарынды оқушы, барлығы 640 бала қамтылады. Балалардың уақыты барынша қауіпсіз, көңілді және танымды өтеді!
* 🍱 БЕС мезгіл құнарлы әрі дәмді тағамдар;
* 🏊‍♂️ Күннің ыстығында сергітетін тап-таза бассейн;
* 🏛️ Тарихи-танымдық саяхаттар: «Хан Ордасы» тарихи-мәдени кешеніне, Ақпәтер ауылдық тарихи-өлкетану музейіне және аудандық, орталық музейлерге экскурсиялар;
* 🤝 Шабыттандыратын кездесулер: Білім, спорт және өнер саласында үлкен жетістікке жеткен тұлғалармен және үздік ұстаздармен кездесу кештері;
* 🌍 «Этно» бағытындағы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше шаралар мен сайыстар.
✨ Балаңызға жарқын жаз сыйлаңыз! «Болашақ» лагерінде кездескенше!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1222428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version