Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Е.И. Жукованың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ Щучинск қаласы, Бурабай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есептер қаралды.

Отырыс барысында бюджет қаражатының тиімді игерілуі, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1222594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version