«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Павлодар облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Павлодар облысының «Damu» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымның мамандарымен қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді.
Шараның негізгі тақырыбы – қаржылық пирамидаға қарсы күрес болып танылды. Кездесу барысында қатысушыларға алаяқтық схемалардың негізгі белгілері, азаматтарды заңсыз қаржылық жобаларға тарту тәсілдері, сондай-ақ жеке жинақтарды қорғау үшін сақтық шаралары түсіндірілді.
Қаржылық сауаттылықты арттыруға, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға және азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға тартуды алдын алуға ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық шаралар халықтың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1222137?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау