Кемеңгер ауылынының жастарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кемеңгер ауылында 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жастар және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Іс-шара Павлодар облысы Әділет департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңыздылығы жөнінде кеңінен айтылды.
Кездесуде спикерлер азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық қорғау тетіктері туралы түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға адвокат Бақыт Сыздыкова, заң консультанты Әділет Резуанов, нотариус Дина Асанова, жеке сот орындаушысы Алтынбек Кундызбаев және Павлодар облысы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1222110?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version