Киберқылмыс туралы әр азамат хабардар болғанша: Жетісу полицейлері профилактикалық жұмысты жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында әскери-патриоттық тәрбие беру фестивалі мен «Мектеп барысы» қазақ күресінен чемпионаты өтіп жатқан кезеңде Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындар мен іс-шара қонақтары арасында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Адам көп жиналған орындарда полицейлер азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, жеке деректерді қорғау жолдарын айтып, растау кодтарын, банк карталарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу және күмәнді онлайн-сатып алулардан сақ болу қажеттігін ескертті.

Қызметкерлер әсіресе телефон арқылы жасалатын алаяқтық, өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын қаскөйлер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударды.

Полиция мәліметінше, мұндай профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, түрлі қоғамдық алаңдарды қамтиды. Себебі бүгінде киберқауіптер іс жүзінде әрбір азаматқа әсер етуде.

«Интернет-алаяқтықтың алдын алу — бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Азаматтардың әрқайсысы алаяқтардың айла-тәсілдері мен қорғану жолдарын толық білгенге дейін полиция қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыра береді. Басты мақсат — тұрғындардың қылмыскерлердің құрбанына айналуына жол бермеу», — деп атап өтті киберполиция қызметкерлері.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және ақша операцияларына қатысты кез келген ақпаратты міндетті түрде тексеруге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1222620?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version