«Көрінбейтін батырлар»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 мамырда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің маманы А.И. Есмурзина Жітіқара политехникалық колледжінің студенттеріне арналған «Көрінбейтін батырлар» атты түпнұсқа архив құжаттарының көрмесін  ұсынды.

Студенттер Жітіқара ауданының тыл еңбеккерлері Лев Николаевич Цой мен Агафья Максимовна Базлованың жеке тектік құжаттарымен, сондай-ақ 1941-1944 жылдардағы Жетіғара аудандық атқару комитетінің тұрақты сақтаудағы құжаттарымен танысты. Бұл құжаттар ел экономикасының соғыс жағдайына көшуі, кәсіпорындардың жұмыс қорытындылары, жергілікті өнеркәсіптің тауар өндіру көлемін ұлғайтуы, Қызыл Армияны азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндайды.

Іс-шара соңында қонақтарға мемлекеттік архив қоймалары бойынша экскурсия өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1222549?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version