«Конституция – жастарға бағдар» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында конституциялық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті арттыру, сондай-ақ еріктілік мәдениетін кеңінен насихаттау болды.

Кездесуге Жалпыұлттық коалиция мүшесі, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы С. Артығалин, жастар көшбасшысы, волонтерлік саласының тренері әрі облыстық волонтерлік фронт-офис жобасының үйлестірушісі Е. Тағанов қатысты. Спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, қоғамдағы жастардың рөлі, ел болашағы үшін жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

Іс-шараға өңіріміздің арнайы техникалық оқу орындарының белсенді студенттері қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Мұндай кездесулер жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, ел дамуына бейжай қарамайтын саналы әрі белсенді жастарды қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1222332?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version