Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамыр күні Марқакөл ауылында VIII шақырылымдағы Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімі, мемлекеттік органдардың және жауапты салалық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Сессия барысында «Марқакөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Марқакөл ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.

Баяндамамен Марқакөл ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.М. Байбекова сөз сөйледі.

Сессия барысында бюджетке енгізілетін өзгерістер бюджеттік көрсеткіштерді нақтылау, қаражаттарды жекелеген бағыттар бойынша қайта бөлу, сондай-ақ ауданның басым шығыстарын уақтылы қаржыландыру қажеттілігіне байланысты екені атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Сессияның өту барысы мәслихаттың YouTube арнасында онлайн режимде тікелей көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1222655?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version