Басқарма мамандары Саран қаласындағы мемлекеттік мекемеде тіл туралы заңнаманың орындалуын зерделеді.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұлжан Бөрібаева мен Назгүл Абиханова 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тексеріс жоспарына сәйкес «Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуына қатысты мерзімді тексеру өткізді.
Тексеру барысында мекемедегі іс жүргізу құжаттарының ресімделуі, электрондық құжат айналымының жүргізілуі, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік парақшаларында орналастырылған көрнекі ақпараттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі қарастырылды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында мекеме қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді.Мемлекеттік мекемелерде тіл туралы заңнаманың орындалуын қадағалау мақсатындағы мерзімді тексеру жұмысы жыл бойы жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1222572?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау