2026 жылғы 18 мамырда медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімі басшысының м. а. Б.Н. Дандубаева облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағаларымен Zoom-конференция өткізді.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы А.К. Бикенова және Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ана болу бөлімінің басшысы Г.Н. Шайсұлтанова қатысты.
Кеңес барысында мүгедектікті белгілеудің негізділігіне мониторинг жүргізу мәселелері қаралды, сондай-ақ мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігінің пилоттық жобасы талқыланды.
Қатысушыларға жұмыстың негізгі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді, проблемалық мәселелер және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1222824?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау