Халықаралық мұражайлар күніне орай, Павлодар облысы ҚАЖД қызметкерлері Полиция департаментінің мұражайына — тарих пен ұрыс даңқы мұражайына барды.
Экскурсия барысында қызметкерлер құқық қорғау органдарының қалыптасу тарихымен, мұрағаттық материалдармен, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет жолы мен ерліктерін көрсететін экспонаттар мен естелік стендтерімен танысты.
Мұражайға бару тарихқа жанасу, қызмет ардагерлерінің естелігін сақтау және патриотизм сезімі мен кәсіпке деген құрметті нығайту мүмкіндігі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duispavlodar/press/news/details/1222246?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау