Алматы облысында бірнеше елді мекендер су басу қаупі бар аймақтарында орналасқан.
Су тасқыны кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша мынадай шараларды ұсынады:
– аумақты қоқыстан тазарту, ауладағы қазылған шұңқырлар мен дәретханаларды тазалау және дезинфекциялау;
-су басқан жерлерде құдықтар мен бұлақтардың суын пайдалануға болмайды;
– ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды қолдану керек;
-шикі көкөністер мен жемістерді жеген кезде оларды сумен мұқият жуу (бөтелкеде немесе қайнатылған) және қайнаған сумен шаю;
– жеке гигиена ережелерін сақтау;
-аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
– үйде дайындалған консервіленген өнімдер (ет, көкөніс), олар сақталатын жертөлелерді су басқан кезде, қолданар алдында термиялық өңдеуді жүргізу керек (мазмұнын қайнатыңыз).
Көрсетілген алдын алу шаралары сақталмаған жағдайда халық арасында тамақтан улану және инфекциялық сырқаттанушылық (жіті ішек инфекциялары, вирустық гепатит “А”) ықтималдығы жоққа шығарылмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1222559?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау