Өмірзақ ауылында әсем ән кеші өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 12 мамыр күні Өмірзақ ауылының №27 мектеп акт залында Халықаралық және Республикалық конкурстардың жүлдегері Әзімхан Адайдың жеке шығармашылық ән кеші өтті.

Кеш барысында көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлайтын әсем әндер орындалып, өнерсүйер қауым рухани кештің куәсі болды. Сонымен қатар, кеш қонағы Екпін Толқынхан және Әзімхан Адайдың шәкірттері өнер көрсетіп, концерттің көркін аша түсті.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары кештен көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1222704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version