ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ делегациясымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдер делегациясымен кездесу өткізді. Кездесуге Елшілер, Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды және Канаданың  ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдері мен АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы, оның ішінде сайлау саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады және сындарлы әрі тұрақты әріптестіктің маңызын атап өтті.

Делегацияға елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа, өткен референдум туралы ақпарат ұсынылды. Кездесуге қатысушылар сайлау жүйесін трансформациялау, оның инфрақұрылымы және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы сұрақтарға қызығушылық танытты.

Өзара пікір алмасу барысында тәуелсіз сайлау процестеріне сыртқы араласуға жол бермеудің өзектілігі атап өтілді.

Өз кезегінде Елші, Германияның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Сюзанне Шютц Қазақстанның ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалап, өзара іс-қимылдың нығаюы стратегиялық әріптестікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Мұхтар Ерман алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық байқау жүргізу үшін ЕҚЫҰ тарапына шақыру жолданатындығын жеткізді.

Кездесу аясында тараптар сайлау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1222870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version