Петропавл қаласында Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамырда қала әкімі аппаратының басшысы О. Абдрахманованың төрағалығымен Петропавл қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының (ТҚК) жұмыс тобының отырысы өтті.

Іс-шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қалалық ТҚК-ның ағымдағы жылдың соңына дейінгі жұмыс жоспарын іске асыру мәселелері, кәсіпкерлік нысандарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ Жұмыс тобының қызметінің негізгі бағыттары қаралды.

Мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейдегі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық ынтымақтастықтың нысандары мен әдістеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар әзірленіп, Жұмыс тобының алдына қойылған міндеттерді іске асыру бойынша алдағы қадамдар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/1222176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version