VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
төрағасының шешімі
Сәтбаев қаласы 2026 жылғы 15 мамыр
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 11:00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Сәтбаев қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.
- Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы.
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сәтбаев қалалық
мәслихаты төрағасының м.а. Ш. Жанғаскинова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1222258?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау