Қаратөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған веломарафон ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қаратөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған веломарафон ұйымдастырылды. Бұл веломарафон Ел ішіндегі бейбітшілікке, өзара сыйластыққа және бірлескен құндылықтарға ықпал етіп қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастырады.
5 шақырымдық веломарафонның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
– Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған веломарафонның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке бейбітшілік пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің символы болып табылады. Осындай айтулы күні ұйымдастырылған Веломарафон салауатты өмір салтын насихаттаудың және жастарды спортқа тартудың жарқын үлгісі болып табылады, деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.
Аталған веломарафон Қаратөбе ауылындағы орталық алаңнан басталып, Мұхит және Сейфуллин көшелерімен Шоптікөл ауылына дейін өтті.
Іс-шараға 30-дан астам аудан қатысты. Олардың арасында аудан әкімдігінің қызметкерлері, оқушылар, жастар ұйымдарының мүшелері, спорт ардагерлері және белсенді тұрғындар болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1222040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version