«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жазғы демалыс қарсаңында Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық мектептерде ата-аналар жиналыстарын өткізді. Кездесулердің басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Кездесулер барысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды талқылап, мектеп оқушыларының бос уақытын бақылаудың маңыздылығын еске салды. Ерекше назар киберқауіпсіздік мәселесіне аударылды: ата-аналарға балаларды интернеттегі қауіптерден қорғау және жасөспірімдердің интернет-алаяқтыққа тартылуының алдын алу жолдары түсіндірілді.
Спикерлер қоғамдық орындардағы тәртіп ережелеріне де жеке тоқталды. Ата-аналарға балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, жасөспірімдердің құқыққа қарсы әрекеттері үшін заңды жауапкершілік түсіндірілді.
Ювеналдық полиция инспекторы Марина Фланчева ата-аналарды балаларымен жақын қарым-қатынаста болып, олардың араласатын ортасы мен қызығушылықтарына шынайы көңіл бөлуге шақырды. Ол заңға бағынатын әрі жауапты ұрпақты тәрбиелеу тек отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы арқылы мүмкін екенін атап өтті.
Тәртіп сақшылары мұндай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1222465?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау