Қауіпсіздік – басты бағдар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қауіпсіздік – басты бағдар

ШҚО Полиция департаментінде ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен жеке құрамның жалпыгарнизондық саптық жиыны өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлерге қызметтің басым бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, балаларды қорғау және жүргізіліп жатқан жедел профилактикалық іс-шаралар аясында қылмыстардың жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын бұзу деректерін анықтау, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау, сондай-ақ тыйым салынған заттарды сақтау мен алып жүру фактілерінің жолын кесу бағытындағы жұмыстарға баса мән берілді.

Жеке құрамға арнаған сөзінде Рифхат Шафихұлы былай деп атап өтті:

«Әрбір полиция қызметкері кәсіби, ұстанымды және тек заң аясында әрекет етуі тиіс. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, қырағылықтарыңыз және азаматтарға деген қарым-қатынастарыңыз тұрғындардың қауіпсіздігімен қатар, қоғамның полицияға деген сенімін де айқындайды».

Іс-шара соңында қызметкерлерге тәртіп, қырағылық және қызметтік міндеттерді адал атқару өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі кепілі екені еске салынды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1221999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version