Берік Уалидің Аягөз ауданына іс- сапары аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жабдықталған “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы” КММ- не қор президенті Шыңғысбаева Ләззат Алтынбековна,
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мұхтарханова Гүлшат Тоқтасынқызы және облыстық білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы келді.
Қонақтарды мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар жылы қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Кездесу барысында қор қолдауымен жабдықталған заманауи пән кабинеттері, STEM және робототехника сыныптары, интерактивті құрылғылар мен зертханалық құрал-жабдықтар көрсетілді.
Шыңғысбаева Ләззат Алтынбековна өз сөзінде білім сапасын арттыру және оқушыларға заманауи білім беру ортасын қалыптастыру қордың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қонақтар оқушылардың ғылыми жобалары және шығармашылық жұмыстарымен танысты.
Облыстық білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы мектепте жасалып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, ұстаздарға алғысын білдірді.
Мектеп ұжымы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына білім саласына көрсеткен қолдауы үшін ризашылықтарын жеткізді.@jasampaz_urpaq
@qazaqstanhalqyna.kz
@chinkisbayeva
@batyrbolamyn
@ustem_foundation
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1222348?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау