Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтар саласындағы мемлекеттік саясат әрбір адамның өз құқықтарын еркін пайдалануына және заңды мүдделерін қорғауына жағдай жасауға бағытталған. Бұл саясаттың негізін Конституция мен қолданыстағы заңнаманың нормалары құрайды, олар адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтардың заң алдындағы теңдігін және кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуді бекітеді.
Мемлекет ашық әрі есеп беретін басқару жүйесін қалыптастыруға, сөз және пікір білдіру бостандығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық және саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, соның ішінде бірлесу құқығын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар сот жүйесін жаңғырту, құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Адам құқықтарын қорғау тетіктерін дамытуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды күшейтуге, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды сақтауға айрықша мән беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1222345?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау