Қызметкерлер арасында спартакиаданың I кезеңі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық басқармаларының 100-ден аса қызметкерлері қатысқан спартакиаданың I кезеңі өткізілді.

Спартакиада да қызметкерлер өздерін баскетбол, дартс, волейбол спорт түрлерінен сынап көріп, әдеттегідей ұйымшылдықтарын, жоғары дайындықтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын байқатты.

Жарыстың қорытындысы жалпы командалық есеппен: Алмалы ауданы басқармасы – I орынға, Бостандық ауданы басқармасы – II орынға, Түрксіб ауданы басқармасы – III орынға ие болды.

Сондай-ақ әр спорт түрі бойынша үздік ойыншылар және үздік жанкүйер марапатталды.

Аталған іс-шара 2022 жылдан бастап Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлының бастамасымен жыл сайын өткізіледі.

Спартакиада мақсаты – қызметкерлер арасында ұжымдық мәдениетті күшейту және салауатты өмір салтын ұстану болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1222700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version