Семей қаласының Отбасын қолдау орталығында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының Отбасын қолдау орталығында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті

Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-де болды. Іс-шараға адам құқықтарының сақталуы мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың өзекті мәселелерін талқылаған ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы Омбудсмен институты, конституциялық құқықтарды қорғау механизмдері және өңірлік өкілдік жұмысының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ әйелдер құқығын қорғауға және олардың қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне ерекше назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар болашақ ұрпақтың құқықтық сауаттылығын нығайту және азаматтардың мүдделерін тиімді қорғау мақсатында мемлекеттік құқық қорғау институттары мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1222074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version