2026 жылғы 9 мамырда Грецияда Кёкушин Будокай каратэден ересектер, жасөспірімдер мен ардагерлер арасында 9-шы Еуропа чемпионате өтті. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары шеберлік танытып, ел қоржынына алтын және күміс жүлделерді салды.
Жарыс қорытындысы бойынша 12–13 жас аралығында 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен өскемендік Ева Епанова барлық қарсыластарынан басым түсіп, Еуропа чемпионы атанды. Спортшыны бұл додаға жаттықтырушысы Дмитрий Николаевич Аксёнов жоғары деңгейде дайындап шығарды. Сондай-ақ, «ардагерлер» санатында 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған риддерлік Артём Николаевич Лохматов тартысты белдесулер нәтижесінде құрметті екінші орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшылар мен бапкерді халықаралық аренадағы жарқын жеңісімен құттықтайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1221865?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау