ТЖД бөлімшелерінде Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығы атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ТЖД мен аудандық бөлімшелерде көрнекті қазақ ақыны, жазушысы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Атаулы дата аясында ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, патриоттық рухты, сондай-ақ қызметкерлер мен жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған тақырыптық кездесулер мен әңгімелер өткізілді. Маңызды іс-шаралардың бірі зиялы қауым өкілдерімен, ардагерлермен, мәдениет қызметкерлерімен және Олжас Сүлейменов шығармашылығының жанкүйерлерімен өткен тақырыптық кездесу болды. Қатысушылар ақынның өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның қазақ әдебиеті, мәдениеті және қоғамдықойдың дамуына қосқан үлесін талқылады. Әсіресе автордың бейбітшілік, гуманизм, халық бірлігіжәне тарихи мұраны сақтау мәселелерін көтеретін шығармаларына ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1222785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version