Жамбылда нөмірін жасырып, жауапкершіліктен жалтармақ болған шетелдік көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбылда нөмірін жасырып, жауапкершіліктен жалтармақ болған шетелдік көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолында полицейлер мемлекеттік нөмірді қасақана жасырған жүк көлігінің жүргізушісін анықтады.

Жуалы ауданы аумағындағы автожолдың 553-шақырымында полиция қызметкерлері көршілес мемлекеттің 23 жастағы азаматы басқарған Volvo маркалы жүк көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің жылдамдықты автоматты тіркеу жүйелерінен жалтару үшін мемлекеттік нөмірін тануға кедергі келтіретін арнайы құрылғылар орнатқаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен құқық бұзушы бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мемлекеттік нөмірлік белгілерді әдейі жасыру – заң талаптарын елемеу ғана емес, жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1222442?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version