Жастар есірткіге қарсы: Жамбыл облысында “Jastar Fest-2026” фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Тараздағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде студент жастар арасында “Жастар есірткіге қарсы” ұранымен “Jastar Fest-2026” облыстық фестивалі ұйымдастырылды.

     Фестивальдің негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, бұқаралық спортты дамыту және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

     Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ғали Райымқұлов, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанат Белгібаев, М. Дулати атындағы Тараз университетінің факультет деканы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерік Махамбетов, сондай-ақ облыстық білім басқармасының өкілдері болды.

     Фестивальге М. Дулати атындағы Тараз университетінің, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университеттің құрамалары мен Жамбыл облысындағы колледж студенттері қатысты. Жарыстың бас төрешісі болып Саят Бегалиев тағайындалды.

     Фестиваль аясында волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, 3×3 баскетбол, жеңіл атлетика және жүзу бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

     Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

     Ұйымдастырушылардың айтуынша “Jastar Fest-2026” фестивалі жастар бастамаларын қолдаудың, спортты дәріптеудің және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың жарқын үлгісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1222534?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version