Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен кездесті. Кездесу барысында өңірде қуаты 1 ГВт болатын энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ мен қытайлық инвесторлардың бірлесуі арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде.
Жел электр паркін салу жобасы туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, жобаны іске асыру облыстың электрмен сенімді жабдықталуына мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді талқылағаннан кейін кездесуге қатысушылар жақын арада жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізуге келісті.
Кездесу соңында Бейбіт Исабаев:
– Бұл – мультипликативтік әсер беретін ауқымды жоба. Біз өз тарапымыздан қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпау керек, – деді.
Кездесу қорытындысында қос тарап жобаны іске асыруды одан әрі жандандырып, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1221903?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау