Жетісу облысында полиция тарихының сақтаушысына құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінде Халықаралық музейлер күніне орай ішкі істер органдары музейінің меңгерушісі Мадина Абдықадырқызы Болсамбековаға құрмет көрсетілді.

Департамент бастығы генерал-майор полиции Сарқытбай Зәкірұлы Құсаинов көпжылдық еңбегі, өз ісіне адалдығы және қазақстандық полиция тарихын сақтауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Генерал-майор милиции Абдықадыр Болсамбеков атындағы музейде Жетісу өңіріндегі ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы, ардагер қызметкерлер мен қазіргі заман батырлары туралы бірегей материалдар сақталған. Мадина Абдықадырқызы жас қызметкерлер мен музей қонақтарына экскурсия өткізіп, өмірін заң мен тәртіпке арнаған азаматтардың өнегелі жолын насихаттап келеді.

«Полиция тарихы — ерлік пен антқа адалдықтың тарихы. Осындай азаматтардың арқасында ұрпақтар сабақтастығы сақталып, лайықты қызметкерлердің есімі ұмытылмайды», — деп атап өтті Сарқытбай Құсаинов.

Кездесу соңында Мадина Абдықадырқызына құттықтау білдіріліп, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1222798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version