Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар білім алатын Көкшетау қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен педагогтері 2013 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі «Жүрекпен есту сыйы» атты есеп беру концертін өткізіп келеді.
Концерттің басты мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығы, қолдауы және әл-ауқаты мәселелеріне қоғам назарын аудару.
Биылғы концерт ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналуымен айрықша мәнге ие болды. Аналар күн сайын балаларына мейірім, қамқорлық, сабыр мен олардың мүмкіндіктеріне деген сенім сыйлайды.
Облыстық білім басқармасының орынбасары Жанаргүл Баймакова өз сөзінде, әр баланың мүмкіндігіне деген сенім мен талантты, мейірімділікті дәріптейтін осы тамаша мерекені ұйымдастырып жүрген барша жандарға алғысын мен құрметін білдірді.
Жыл сайын мектеп тәрбиеленушілері педагогтермен бірге көрермендерге жарқын эмоциялар мен әртүрлі жанрдағы ұмытылмас өнер көрсетулерін сыйлайды.
Әрбір нөмір көрермендердің ыстық ықыласына, зор қошеметіне және алғыс сөздеріне бөленеді. Бұл мектеп-интернат педагогтері мен тәрбиеленушілерінің шығармашылығы заманауи, ерекше әрі шын мәнінде жүрекке әсер ететінін дәлелдейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1222191?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау