Ағымдағы жылдың 12 мамырында Әділет департаментініңі зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Г.Сарбасова өңіріміздегі креативті индустрия саласындағы маңызды жобалардың негізін қалаушы А.Қайырханқызымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында А.Қайырханқызының креативті агенттігі жанынан патенттік бюро құру мәселесі талқыланды.
Қазіргі таңда жоба кәсіби сарапшылар тобын қалыптастыру және авторлық қаламақыларды бақылау мен ашық есепке алуға арналған цифрлық платформаларды енгізу кезеңінде тұр.
Сонымен қатар, жас мамандарды даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. А.Қайырханқызы жастарға арналған білім беру бағдарламаларын іске қосуды ұсынды. Бұл бастама интеллектуалдық меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.
Негізгі мақсат Қазақстандағы әрбір шығармашыл жан үшін авторлық құқықты қорғауды қолжетімді, түсінікті әрі тиімді құралға айналдыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1222487?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау