Бүгін Абдолов Арман Болатұлы Жылыой ауданы құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Арман Болатұлы 1998 жылы 17 наурызда Атырау облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2019 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2021 жылы Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінін «құқықтану» мамандығын
2025 жылы осы унивеститеттен «құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбекжолын 2019 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің маманы болып бастады.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Атырау қалалық құрылыс бөліміне өз мамандығы бойынша қызметін жалғастырды. Аталған бөлімнен бас маманнан бастап, сектор меңгеруші қызметтерін атқарды.
07.09.2025 жылдан бастап осы уақытқа дейін Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы орынбасары қызметін атқарып келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1222747?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау