📚 “АРТЫҚ БІЛІМ – КІТАПТА” БАЙҚАУЫ ӨТТІ 📚

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 “АРТЫҚ БІЛІМ – КІТАПТА” БАЙҚАУЫ ӨТТІ 📚

Аудан мектептерінің педагогтері, кітапханашылары мен оқушылары арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында “Assyltas” қоғамдық қорының бастамасымен, “OQY CLUB” мүшелерінің, аудандық білім бөлімінің және аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен “Артық білім – кітапта…” атты кітап байқауының аудандық кезеңі Екпін ауылының мәдениет үйінде өтті.

Байқауға аудан мектептерінен 11 команда қатысты:

🔹 “Ы. Кабеков атындағы орта мектебі” КММ – “Assyl bolmys”
🔹 “Би Боранбай атындағы орта мектебі” КММ – “Кітап әлемі”
🔹 “Өкпеті орта мектебі” КММ – “IQ Readers”
🔹 “Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі” КММ – “Кітап білгірлері”
🔹 “М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі” КММ – “Мәдени майдан майталмандары”
🔹 “Тоғас батыр атындағы орта мектебі” КММ – “Оқырман ордасы”
🔹 “Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі” КММ – “Assyl Stars”
🔹 “Қожагелді батыр атындағы орта мектебі” КММ – “Сиқырлы кітап”
🔹 “С. Сейфуллин атындағы орта мектебі” КММ – “Сәкен әлемі”
🔹 “Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені” КММ – “Асыл мұра”
🔹 “К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” КММ – “Бабалар аманаты”

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені “Ы. Кабеков атындағы орта мектебі” КММ-нің “Assyl bolmys” командасы жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

🏆 І орын – “Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені” КММ-нің “Асыл мұра” командасы
🥈 ІІ орын – “К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” КММ-нің “Бабалар аманаты” командасы
🥉 ІІІ орын – “М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі” КММ-нің “Мәдени майдан майталмандары” командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысушы командалардың оқушылары, педагогтері мен кітапханашылары Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1223073?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version