«АДАЛ АТА-АНА – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ленгер қаласындағы №7 IT мектеп-лицейі базасында «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен қоғам жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жарқын болашағына бірлесе үлес қосу.
 
Форумға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудан прокуратурасының прокуроры Бексұлтан Маратұлы, білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, сондай-ақ ата-аналар, білім саласының мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.
 
Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы өз сөзінде бала қауіпсіздігі мен саналы тәрбие беру – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
 
Іс-шара барысында мектеп психологтары қатысушылармен сауалнама жүргізіп, түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Форум аясында отбасы құндылықтары, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-ана жауапкершілігі және психологиялық қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
 
Ашық пікір алмасу алаңында ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Форум соңында 2025–2026 оқу жылында республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған білім алушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар табысталды.
 
Аталған форум – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1223288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version