«Адал азамат»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрақты әрі үйлесімді қоғам құру құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін сақтаған жағдайда мүмкін болады. Бұл ретте мемлекет те, азаматтар да заң талаптарына сай әрекет етіп, әділдік, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаттарын ұстануы қажет. Адам қадір-қасиетін құрметтеу, адалдық пен парасаттылық нормаларын сақтау ерекше маңызға ие.

«Адал азамат» тұжырымдамасы жеке жауапкершіліктің, адалдықтың, заңға құрметпен қараудың және қоғам өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын айқындайды. Осы идея аясында мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді, тең мүмкіндіктер жасап, әр адамның өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай қалыптастыру үшін ашықтыққа ұмтылады.

Сонымен қатар азаматтардан заңдарды сақтау, өзге адамдардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу күтіледі. «Адал азамат» құндылықтарының кеңінен таралуы құқықтық мәдениеттің артуына, қоғамдағы сенімнің нығаюына және азаматтық белсенділіктің дамуына ықпал етеді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1223271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version