Әке жолын жалғаған ұл: Ұйғыр ауданындағы ұрпақтар сабақтастығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің ардагері, полиция старшинасы Тезеков Марат Жақыпжанұлы ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 2009 жылы уақытша ұстау изоляторында бастаған. Ұзақ жылдар бойы ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқарып, 2025 жылдың сәуір айында кезекші бөлімінің кезекші көмекшісі лауазымынан зейнеткерлікке шықты.

Бес баланың әкесі Марат Жақыпжанұлы үшін қызмет пен отбасы әрқашан басты құндылықтардың бірі болды. Әкенің еңбек жолы мен тәртібі ұлына да үлгі болды.

Бүгінде оның ұлы — полиция аға лейтенанты Жақыпжан Абылай Маратұлы әке жолын жалғастырып, 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқаруда. Қазіргі таңда ол Жеке құраммен жұмыс жөніндегі топтың инспекторы қызметін атқарады.

Абылай бала кезінен әкесінің полиция формасын киіп өсіп, құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан. Бүгінде сол арманына жетіп, елге қызмет ету жолын таңдады.

Бұл — ұрпақтар сабақтастығының, Отанға адал қызмет етудің және отбасы тәрбиесінің жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1223512?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version