Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының
аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Қонаев қаласының мәслихаты аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар 2026 жылдың 29 мамырына дейін, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 3 маусымына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың аумақтық немесе округтік, учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 3 маусымға дейін дүйсенбі – жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қонаев қаласының мәслихаты
Қонаев қаласы мәслихаты төрағасының м.а. – А.Г. Ракишева.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.
Жауапты адам – Мейіргүл Жолдасбайқызы Аметова, № 311 каб., қалааралық телефон коды (872772), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 41283, 87084593713, электрондық пошта мекенжайы – qonaev.maslikhat@mail.ru.
Қалалық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды:
|
№ |
Сайлау комиссиясының атауы |
Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы |
Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы |
Бос орындар саны |
|
1. |
Аумақтық сайлау комиссиясы
|
«Мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4-шағынаудан, 62/2 ғимарат |
1 |
|
Округтік сайлау комиссиялары |
||||
|
1. |
№8 округтік сайлау комиссиясы |
Балалар шығармашылығы және жазғы демалыс орталығы
|
Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 25 |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
||||
|
1. |
№935 учаскелік сайлау комиссиясы |
№3 орта мектеп |
Қонаев қаласы, 2-шағын аудан, № 26 |
1 |
|
2. |
№938 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Нұр-Бөбек» балабақшасы |
Қонаев қаласы, Қойшыманова көшесі, №10В |
1 |
|
3. |
№939 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Балауса» балабақшасы |
Қонаев қаласы, «Ивушка» шағынауданы |
2 |
|
4. |
№940 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп |
Қонаев қаласы, Октябрь көшесі, №24 |
2 |
|
5. |
№943 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС |
Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, №28/1 |
1 |
|
6. |
№944 учаскелік сайлау комиссиясы |
«АгроФуд» ЖШС құрамажем зауыты |
Қонаев қаласы, Теміржол көшесі, №25Б |
6 |
|
7. |
№945 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС |
Қонаев қаласы, Теміржол көшесі, №25 |
2 |
|
8. |
№948 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Балалар шығармашылығы және жазғы демалыс орталығы |
Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 25 |
3 |
|
9. |
№951 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қазақ мектеп-лицейі |
Қонаев қаласы, 10-шағынаудан |
1 |
|
10. |
№952 учаскелік сайлау комиссиясы
|
Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп |
Қонаев қаласы, 5-шағынаудан |
2 |
|
11. |
№958 учаскелік сайлау комиссиясы |
Кербұлақ ауылының №7 орта мектебі |
Кербұлақ ауылы |
1 |
|
12. |
№961 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақөзек ауылының №10 орта мектебі |
Ақөзек ауылы |
1 |
|
13. |
№962 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасы |
Қонаев қаласы, 5-шағынаудан, №7 |
2 |
|
14. |
№963 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы |
Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №10 |
2 |
|
15. |
№964 учаскелік сайлау комиссиясы |
№32363 әскери бөлімі |
Қонаев қаласы, «Жұлдыз» шағынауданы |
2 |
|
16. |
№1034 учаскелік сайлау комиссиясы |
№54179 әскери бөлімі; |
Шеңгелді ауылы |
2 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1223215?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау