VІІІ сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХVІ сессиясы 2026 жылғы 28 мамыр сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі:
1. 2025 жылғы Тимирязев ауданы бюджетінің атқарылуы туралы;2-14. 2025 жылғы Тимирязев ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
- «Аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 9/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 9/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 18/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХVІІ сессиясының күн тәртібі туралы.
Осы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сағат 09.00-де аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1222924?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау