Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18 мамырында А.К. Бердигожинаның төрайымдылығымен  тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда «Ұзынкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сектордағы және бизнестегі квота бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы» мәселе қаралды.

     Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Болатов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.М. Бекетаева, «Мансап орталығы» аудандық филиалының басшысы Э. Б. Алмаганбетова, Ұзынкөл аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет капитаны Б. Р. Шаруанов және аудандық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

   Осы мәселе бойынша «Мансап орталығы» аудандық филиалының басшысы, Ұзынкөл ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы ақпараттары тыңдалды.

     Тұрақты комиссияның төрайымы қатысушыларды осы мәселені қарау нәтижелері бойынша қорытындымен таныстырды.

     Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдармен қаулы қабылданды.

                                                                                                           

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1223429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version