Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Мобильдік аударымдарға бақылау жүргізу тәртібі» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг спикері — Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов. Іс-шара барысында мобильдік аударымдарға қатысты заңнама талаптары, бақылауға қандай жағдайларда ілінетіні, кәсіпкерлік қызмет белгілері, сондай-ақ азаматтардың жеке аударымдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес тіркеу қажеттілігі, жеке шоттарды кәсіпкерлік мақсатта пайдаланудың салдары және камералдық бақылау тәртібі түсіндірілді. Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1223350?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау