А.ж. 14 мамырында өңір аумағында орналасқан діни бірлестік өкілдері Воскресенский Собор ғимаратын аралады. Экскурсия барысында қатысушыларға собордың құрылу тарихы, сәулеттік ерекшеліктері, өңірдің рухани және мәдени өміріндегі орны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Қатысушылар ғибадат орнының ішкі құрылымымен танысып, мәдени және рухани мұраларды сақтау бағытындағы жұмыстарға оң бағаларын берді.
Аталған іс-шара діни бірлестіктер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, өзара сенім мен құрметті арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1222918?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау