Көшпелі кеңес барысында олар Х. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион нысанының дайындығымен, паралимпиадашыларға арналған манеж құрылысының барысымен және Инклюзивті спорт орталығының жұмысымен танысты. Ерекше назар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нысандардың қолжетімділігіне, жаңғырту жұмыстарының сапасына және бюджет қаражатының тиімді игерілуіне аударылды.
Х. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның техникалық ашылуы 25 мамырға жоспарланған. Аумағы 3 мың шаршы метрді құрайтын Паралимпиадалық жаттығу орталығында параспортшыларға арналған командалық ойын спорт түрлеріне арналған манеж құрылысы жүргізілуде. Мұнда Қазақстан үшін жаңа паралимпиадалық бағыттарды дамыту көзделіп отыр.
Инклюзивті спорт орталығында қазіргі таңда бочча ойынына арналған спорт және мамандандырылған зал жұмыс істейді, сондай-ақ қалпына келтіру залының ашылуы жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1223042?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау