Елордалық желаяқ Орталық Азия чемпионатында жеңіске жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Олимпиадалық стадионда U18 санаты бойынша жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті.

Халықаралық додаға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс барысында спортшылар жеңіл атлетиканың 39 дисциплинасы бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Мұрат Нұрболсын 3000 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол жарыстың алғашқы сәттерінен бастап көш бастап, мәреге дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті.

Жас спортшы бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1222922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version